Ұлтттардың бірлігі татулығы

0 голосов
59 просмотров

Ұлтттардың бірлігі татулығы


Қазақ тiлi (23 баллов) | 59 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Бұрын халықаралық ынтымақ күні болып тойланып келген 1 мамыр мерекесі еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жыл сайын аталып өтіледі және бүгінде ол Қазақстан халқының бірлігі күні деп аталады. 1 мамыр қазақстандықтар үшін татулық пен достық мерекесі ретінде қалыптасты, себебі Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Отанымыздағы көптеген халықтардың бір шаңырақ астында ауызбіршілікте өмір сүруінің өзі Елбасымыздың жүргізіп отырған сарабдал саясатының арқасы. Ұлт көшбасшысы өз сөзінде: «Әлемде бір ғана қауым бар, ол – адамзат қауымдастығы, бір ғана жаратушы бар, ол – Алла Тағала. Бір ғана тіл бар, ол – жүрек тілі. Ендеше барша адамзаттың тілегі бір», – деп үндеу тастаған болатын және өз сөзінің дәлелін іс жүзінде көрсетіп те келеді. Еліміздегі қол жеткізген табыстар осы халықтар достығымен тығыз байланысты. Бүгінде өзімізді әлемге ауызбіршілігі және ынтымағы жарасқан ел деп танытсақ, мұның бәрі қазақ халқының қанына сіңген қонақжайлығының арқасы. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп білетін қандастарымыздың толеранттық қасиетінің аясында еліміз дамыды, өсті, бүкіл дүниежүзі қызыға да қызғана қарайтын, тіпті біздің достығымыздан үлгі алатын мемлекетке айналды.

(432 баллов)