Сочинение про Аль-Фараби ** казахском,пожалуйста.

0 голосов
44 просмотров

Сочинение про Аль-Фараби на казахском,пожалуйста.


Қазақ тiлi (17 баллов) | 44 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Наср мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Ол 870 ж. Отырарда әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар, Самарқан, бұхара, кейіннен мысыр, халеб (Алеппо), бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Алғашқы кезде Әбу Наср әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Ғалым философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді.

Әбу Наср әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді.
Әбу Наср әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырдың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Наср әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді.
Әл-Фараби өмірінің соңғы жылдарын Шамның Халаб қаласында өткізді. Әбу Насыр әл-Фараби 950жылы қайтыс болған. «Фараби қазасы туралы екі дерек бар,  — дейді М. Хайруллаев, — Біріншісінде ғалымдар оны Шамда қайтыс болған десе, екіншісінде Әбу Насыр қасына бірнеше адам ертіп, Асқалан қаласына бара жатқада жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан.Сайф ад-Даула қарақшыларды тауып, дарға асқан »
 

(63 баллов)