Отбасына қамқорлық республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.
Отбасы дегеніміз бірге тұратын, бір-біріне қамқорлық жасайтын бір үйдің адамдары. Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке — отбасы болып есептеледі. Отбасын бір сөзбен жанұя деп атаймыз.