Ангебаб дукени сочинение ** казахском языке

0 голосов
106 просмотров

Ангебаб дукени сочинение на казахском языке


Қазақ тiлi (12 баллов) | 106 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Алматының Абылай даңғылында орталық әмбебап дүкені бар. Бұл қаланың орталығында орналасқан. Мұнда балалардың ойыншықтарынан бастап ине-жіпке дейін сатады.
Дүкені үш қабат, іші өте кең, төменгі қабаттан жоғары қабаттарға эскалатормен көтерілесіз. Заттар әр қабатта тәртіппен орналасқан. Мәселен:
Бірінші қабатта спорт, электр, теледидар, радио, кино-сурет, күй табақтары және үй ішіне қажетті кілем, палас, кір жуғыш машина, тоңазытқыш, аяқ-табақ, т.б. заттар орналасқан. Екінші қабатта ерлерге арналған сырт, іш киімдер, аяқ киімдер сатады. Шұлықтар, галантерея, парфюмерия, сыйлықтарға арналған бұйымдар да осында. Үшінші қабаттың бәрі түгелдей әйелдерге ар-налған. Мұнда олардың іш, сырт, аяқ киімдері және түрлі маталар, дастарқан, орамалдар сатады.
Орталық әмбебап дүкенінің сатушыларының көбі-қазақ тілін білетін, ұқыпты, сыпайы, елгезек адамдар.
Егер сіз олардың қазақша: «Маған спорт костюмі, аяқ киім және электрон сағаты керек еді»,-десеңіз, олар: «Қазір бізде спорт костюмі мен аяқ киім болмай тұр, ал электрон сағаты бар. Алыңыз»,-деп жауап береді. «Маған мына жейде мен галстук ұнап тұр. Бағасы қанша?»-деп сұрасаңыз, олар бөгелместен: «Бәрін қосқанда 250 сом. Аласыз ба? Әкеліңіз орап берейін»,-деп елгезектік көрсетеді.
Басқа бөлімдерге барып үстіңізге сырт киім таңдай бастасаңыз, олар: «Мына үлгі сізге жараспай тұр-» кең, қысқа, ұзын» деген сөздерді айтып қызмет көрсетеді.
Орталық әмбебап дүкенінің бірінші қабатындағы кітап бөлімі маған өте ұнады. Мұнда орысша, қазақша, ұйғырша, түрікше, т.б. тілде жазылған кітаптар өте көп.

(273 баллов)