Менің достарым тақырыбына әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыда шағын эссе керек еди

0 голосов
281 просмотров

Менің достарым тақырыбына әлеуметтік-тұрмыстық тұрғыда шағын эссе керек еди


Қазақ тiлi (12 баллов) | 281 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Дос - ол ең қажет тұлға. "Доссыз өмір -тұзсыз ас",-деп бекер айтылмаған. Адам жастайынан, яғни, бала кезден бастап для тауып, бірге ойнайды, бір-бірімен ойыншыктарын бөлісіп, сенімге ие болады. Өсе келе оқуда да, өмірде де қолдау көрсете біледі. Шын дос - тек адал ниетімен жақсылығын жасап, тілекші, қамқоршы бола біледі. Ол үшін айналаңдағы адамдарды, жолдастарыңды тани білу маңызды. Досы бар адам - бақытты адамдардың бірі. Себебі, сырын, көңіліндегі жағдайларын немесе қуанышын бөлісе алады.

(88 баллов)
0 голосов
Менің әлеуметтік желідегі достарым

Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында Интернетте әлеуметтік желіде парақшасы жоқ адам жоқтың қасы шығар.

Менің де әлеуметтік желіде өз парақшам бар. Онда менің достарым көп, кейбіреулері тіпті алыс - жақын шетелде. Олармен шет тілін жетік меңгеру үшін хабарласып, сөйлесіп тұрамыз. Достарымыздың жаңалықтарын қазір осы әлеуметтік желілер арқылы біліп, көріп отырамыз.

Менің ойымша, әлеуметтік желіде бос уақыттың бәрін өткізбей, тек анда анда ғана кіріп тұру керек.