Матай Сансызбайұлы
Түйе туралы өлең
narka20.04.201510560
Ұлығы деп бес түлік малдың киелі
Қашаннан қазақ қастерлеп келген түйені
Тарихқа аян атомдық мынау ғасыраға
Көшпенді халық түйемен жетті тиеліп
Қазіргі жастар, жастарды қойып өзім де
Баз кешіп жүрмін қадір-қасиетімді сезінбей
Азып кеттің алыбым , мынау далада
Көрнуші едің бабамның қалған көзіндей
Алдағы күннен жақсылық күткен әз арман
Адыра қалды өзіңде қалдың назардан
Әліде көштен көрініп жүрсең жақсы еді
Талайың бырақ та басын бұрды Базарға
Техникалық дәуірдің өрлеу қарқыны
Есепке , салды етің мен өлшеп нарқыңды
Кейінгі ұрпақ суреттен ғана көре ме
Кім білсін сенің алып бейнеңді тартымды