Помогите пожалуйста прочитайте и ответить на вопросы !!!! 4- тапсырма . Мәтінді оқып , сұрақтарға жауап беріндер. Дастархан басындағы дәстүрлер.
Халық қуанышты да, қайғыны да дастаркан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастарқан басында шешілген. Сондықтан халық дастарқанды « Құттыхананың берекесі» деп қасиет тұтады. Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды. .«Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі дастарқан дәмі - киелі. . Оны татып, келісімін бұзса, астың киесі ұрады дейді.. Сонымен бірге дастарқан күнделікті отбасынан тамақтануына үйге келген адамға дәм таттыруға, ас - су беруге жайылады.
. Онда ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.
. Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында асты ең алдымен ата - анаға үлкенге ұсынады.Дастарқан басына адамдар жасына қарай отырады . Тамақ ішер алдында тамақтаным болған соң, колға су құйылады . Құйылатын су жылы болу керек . Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. Тамақтанып болғаннан кейін дастарқан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді . Тойға жайылған дастарқанға койылатын ас тәртібі оған жиналған адамдардын достық , туыстық қатынастарына қарай орындалады.
Сұрактар :
1) Дастарқан басында қандай рәсімдер орындалады?
2) Халық дастарқанды қалай атаған ?
3)Дастарқан басында ас ең алдымен кімге ұсынылады ?
4)Дастарқан басына адамдар қалай отырады ?
5) Тамақтану кезінде қолға қандай су құйылады ?
6)Қолға су қалай құйылады ?
7) Тамақтанып болған соң, қандай рәсім жасалады?