ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА ПЕРЕВЕСТИ, но не как в переводчике)))
Ортағасырлық Отырар
Арыс өзенінің Сырдарияға құяр аралығында ежелгі Отырар жатыр. Отырар сол кездің өзінде қолөнері дамыған , мал,егін шаруашылығымен айналысқан ірі орталық , жауынан қорғана алатын мықты бекінісі бар қала болды.
Отырардан бастау алған жол шығысында Қытаймен, батысында Византиямен, оңтүстігінде Орта Азиямен байланысып жатты.
Ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби Отырар топырағында дүниеге келді.
Отырар өмір сүрген дәуірде жаугершілік, шапқыншылық көп болды. Сол тұста Монғол жорығы мен Жоңғар шапқыншылығы бүкіл елді есең- гіретіп кетті. Бұл кезде Отырар қаласы Оңтүстік өңірін мекендеушілердің орталығы болды. Жанжақтан келушілер Отырарды төңіректей қоныс тепті. Сөйтіп, Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Пышақшытөбе деген шағын елді мекендер пайда болды.
Отырар VІІ ғасырдан бастап өсе келе IХ ғасырда сол төңіректің астанасы араб деректеріндегі Фараб деген атпен дүние жүзіне мәлім бола бастады.