21 ғасыр- жаңа технологиялар заманы болғандықтан да, қазіргі күні əр адамның үйінде ұялы телефон, компьютер секілді байланыс құралдары бары анық. Сол секілді менің де ұялы телофоным бар. Мен оны ата - анама мектептен шыққанымды айтып хабарласу үшін, ата-əжемнің хал-жағдайын сұрап телефон шалу үшін, жаңа ақпараттар білу үшін ұстаймын. Ұялы телефонның пайдасы өте көп. Алыстағы ақпаратты апталап, айлап күтпей-ақ бір мезет ішінде біле аламыз. Бір сөзбен айтқанда ұялы телефон біздің өмірімізді жеңілдетті деуге болады