Составьте небольшое сочинение ** казахском языке про пользу бананов или просто про...

0 голосов
30 просмотров

Составьте небольшое сочинение на казахском языке про пользу бананов или просто про бананы. СРОЧНО!!! заранее спасибо)


Қазақ тiлi | 30 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Бүгінде бананды білмейтін жан жоқ. Күнделікті болмаса да пайдаланамыз. Бұл жағымды , тәтті жеміс қана емес денсаулыққа пайдасы да зор. Енді құрамына, қуатына келейік: 100г. Жемістің қуаты 90 ккал-ны құрайды екен. Құрамында 20% комирсу, 16% қант, мұнан өзге Е, С, В6 сияқты дәрумендермен қатар калий, магний, натрий сияқты микроэлементтер бар. Банан талшықтары ағзаға тез сіңіп, қорытылып кетеді. банан қан қысымың жоғары адамдарга пайдалы, күнделікті дастархан мәзіріне осы тропикалық жемісті енгізгеннин пайдасы зор.Дәрігерлер күніне екі рет банан жеген қан қысымын төмендетіп, инсульттің дамуына кедергі болады дегенди айтады. Банан диетасының пайдасы: +Бұл жемістің құрамында калий көп болғандықтан жүректің бұлшық еттерінің жұмысы жақсара түседі. Егер сіз ағзаңызды тазарту амалдарымен айналыссаңыз, күріш диетасында отырсаңыз болмаса, ағзадан тұз көп кететін жағдайлар орын алса диетаның пайдасын сезінесіз. +Калийде сондай-ақ тоқ ішекті және зәрді жүргізетін қасиеттер бар, ендеше ағзаңыз керекемес шлак,токсиндерден арылып жатыр деп есептеңіз. Банан жеп жүрген күндері іш қатып қалу сияқты мәселе туындамайды, ол ішектеріңізді тазалап береді. +Бір жеміске басымдық беретін мұндай диеталардың ішкі құрылыстардың жұмысының жақсаруына үлесі зор.

(60 баллов)