Қажымұқан Мұңайтпасұлы
Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 туылған -1948 өмірден кеткен - қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күрестің асқан шебері.Ол өз өмірін күрес өнеріне арнаған.Өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған.Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Қажымұқанның балуандық жолы Омбы қаласында өткен балуандар чемпионатында орыстың атағы жер жарған тәжірибелі балуаны Иван Злобинмен кездесуінен басталады.
1908 жылы күрестен әлем чемпионы Георг Лурихтің ұйымдастыруымен Ресейдің ірі қалаларында өткен чемпионаттарға қатысып, "Ямогата Муханура" деген атпен аренаға шыққан. Бұдан кейін де ол бірнеше қалаларда болып, бірнеше рет жеңіс тұғырына көтерілген.
1913 жылы Троицк қаласында халықаралық ең ірі чемпионат өткен.. Қажымұқан осы чемпионатта он сегіз балуанмен күресіп, соның бәрін де жыққан.