Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі
музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік
музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр,
толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық
шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра
жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада,
классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең
музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра
-қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып
есептелген.