Сочинение натему "НАУРЫЗ" ** казахском языке,Срочно

0 голосов
114 просмотров

Сочинение натему "НАУРЫЗ" на казахском языке,Срочно


Қазақ тiлi (146 баллов) | 114 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Наурыз мерекесі - ежелден қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз деген сөз жаңа жыл деген мағынаны білдіреді. Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі. Қазақтар үшін бұл мейрам – көтемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлықтың және достықтың белгісі ретінде атап өтіледі. Егер Наурыз келген үй таза болып, үй иесі жақсы адам болса, сол үй ауру-сырқау, сәтсіздік, ауыртпалықтардан тазарады деп саналған. Наурыз мейрамын кейде "Ұлыстың ұлы күні" деп те атайды. Бұл мейрамды берекелі етіп тойласа үйге ырыс пен бақ келеді деп сенген.
Мейрам күні қазақтар әдемі киімдерін киіп, бір-бірлеріне қонаққа барады, келер жыл ырысты болсын деп жақсы тілектер айтады.

(22 баллов)
0 голосов

Наурыз мейрамы — ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22) күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.Көне парсы тілінде нава=жаңа + рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында, қазіргі парсы тілінде де сол мағынамен қалған (но=жаңа + роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»), яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі) білдіреді. 2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына сәйкес 21 наурыз - Халықаралық Наурыз күні болып қабылданды. 

   Қазақстанда Наурыз мейрамы үш күн: 21-23 наурыз аралығында аталып өтіледі (2010 жылдан бастап). Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

(112 баллов)