Кобыз,домбыра ангиме курау

0 голосов
127 просмотров

Кобыз,домбыра ангиме курау


Қазақ тiлi (12 баллов) | 127 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы.


ҚОБЫЗ, қылқобыз – көптеген түркі халықтарында кездесетін қос ішекті музыкалық аспап. Қ. туралы мәліметтер орта ғасырлардағы жазба ескерткіштерде кездеседі. Аспап жыңғыл, үйеңкі секілді мықты ағаштан ойып жасалған. Құрылымы қауыз тәрізді. Қ-дың басы, екі құлағы, иілген мойны, төм. жағында терімен қапталған шанағы, аттың қылынан жасалған қос ішегі, тиегі және ысқышы болады. Дыбыс ішек пен  ысқыштың үйкелісінен шығады. Қ. Орта Азия, Алтайды мекендеген түркі тектес тайпаларға ортақ. Оған ұқсас аспаптарды Кавказ, Сібір халықтарынан да кездестіруге болады.
(430 баллов)