Все про Шымкент ** казахском языке

0 голосов
47 просмотров

Все про Шымкент на казахском языке


Қазақ тiлi (27 баллов) | 47 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
ХІV-ХV ғасырларда Сайрамға жақын маңда орналасқан Шымкент қаласы қауырт өсіп, тез дами бастады. 1425 жылы жазылған Шарафад-дин Али Иаздидің «Зафар-нама» шығармасында «Шымкент» атауы Сайрам маңындағы қыстақ ретінде ауызға алынады. Алайда кездейсоқ табылған тас қару бұл жерде адамның сонау тас дәуірінде – бұдан ондаған мың жыл бұрын пайда болғанын дәлелдейді. Ғалымдардың көрсетуінше, мұнда андроновшылар дәндік тары, бидай егіп өсірген, ірі қара мал ұстаған, қой баққан. Мыс пен қола металдарынан еңбек құралдарын – балта, пышақ, пішен шабатын шалғылар, қару-жарақ пен әшекейлер т.б. жасаған. Шымкент жерінде сақ тайпалары жасаған қола ұшты жебелер, қанжарлар тәрізді сақ қару-жарақтары табылған. Сақ ұрпақтары – кангюйлер б.з.д. І мыңжылдықта Сырдарияның орта ағысында аса қуатты Кангюй (Қаңлы) мемлекетін құра білді. Шымкент территориясында бірнеше елді мекендер болды. Олардың біразы қирағанмен, қазіргі автотұрақ территориясында, Шымкент фосфор зауытына жақын тұста және басқа да жерде табылғандарын мемлекет өз қорғауына алған.


(40 баллов)