1Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап
Балшықтан үй соғады. /қарлығаш./
2.Тұмсығымен ояды,
Ұя салып қояды
Табыңдаршы ,балалар
Ол қандай құс болады? /тоқылдақ./
3.Ұшқаны қызық жалпылдап,
Өзі сондай қарқылдақ. /қарға./
4.Үстіне ақ қамзолын киіп алып,
Жүреді қанаттарын жиып алып. /сауысқан./
5.Бір құс бар ,екі аяқты сегіз бармақ
Түлкі ,қасқыр,қоянның бәрін алмақ. /бүркіт./