Соченение ** казахском языке книга-лучший друг ученика

0 голосов
58 просмотров

Соченение на казахском языке книга-лучший друг ученика


Литература (91 баллов) | 58 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Біздің ата-бабамыз «Кітап ғажап дос», «Кітап білім бұлағы» деп бекер айтпаған. Біз барлық білімді кітаптан аламыз. Ол бізді қайырымдылыққа, әдептілікке, зұлымдылықтан күресе білуге үйретеді.
Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз. Жақсысынан тағлым аламыз, оны қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Араб жазушысы әл-Жиһаз кітап туралы «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны білмеймін» деген екен.
Кітап қай заманда да өзінің құндылығын жоғалтпаған. Ол-өлмейтін дүние. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, ешқандай дүние оның орнын баса алмайды. Пайдасы жоқ кітап болмайды. Кітап біткеннің бәрі ерте заманнан бері азамат баласының тек пайдасына ғана жарап жатыр.
Қорыта айтқанда,кітап- шебер ұстаз. Ол- тілсіз мұғалім.Ол- бүкіл адамзаттың ұстазы.
Мен ой-толғауымды осы бір өлең жолдарымен аяқтаймын:

Оқы талай, түй санаңа, жас ұлан,
Сыр құямын, жыр құямын санаңа,
Білм-қару, білім керек адамға,
Ал білімді мен құямын санаңа.

(397 баллов)
0

спасибо огромное!!!!