Тол соз деген не? СОНЫ Тусинбей жатырмын. Казак тилинен берди.

0 голосов
210 просмотров

Тол соз деген не? СОНЫ Тусинбей жатырмын. Казак тилинен берди.


Қазақ тiлi (16 баллов) | 210 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Төл сөз

Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады.

Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады.

Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады.Мысалы,
Құнанбай тыңдап болды да: Жарайды, айтам деп әкелгенің екен. Бірталай жерге жеткізіп айттың. Енді осымен тоқталайық! – деді.

(200 баллов)