- Қазақ отбасы не істеп отыр?
--Қазақ отбасы әңгімелесіп шай ішіп отыр.
--Төрде кім отыр.?
-Төрде әкесі ,жанында ұлы мен қызы отыр.Әке үйдің басшысы,асыраушысы,қамқоршысы.
--Олар не туралы әңгімелесіп отыр?
--Әкесі балаларына ақыл-кеңесін беріп, әдептілікке ,адамгершілікке ,еңбекке үйретіп отыр.
--Дастарқанда қандай тағамдар бар?
--Дастарқанда қазақ халқының ұлттық тағамдары ,бауырсақ,сүт,құрт, мейіз,тоқаш,сары май бар.
--Шай дастарқанның басты асы не ?
--Шай дастарқанның басты асы-бауырсақ.
--Бауырсақ деген не?
--Бауырсақ бұл ұннан іленген қамыр,сосын оны әр түрлі пішінге кесіп майға қуырады.
--Бауырсақ сөзі нені білдіреді?
--Бауырсақ сөзі қазақ тілінде бауырмал, үйірсек ,жақыншыл деген мағынаны білдіреді.
--Қазақ дастарқаны қандай болады?
--Қазақ дастарқаны әрқашанда мол болады.Қазақ халқы қонақжай халық.Қазақтың ұлттық салтында қашанда болса дастарқан үстінде әңгімелесіп, әзілдесіп отырады.
-
-