Адамға жақсылық жасағанда риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс.
Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ.. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин аталарың «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» деп айтқан.
Атақты жазушы атамыз Мұхтар Әуезов «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жаманшылыққа жақсылық ер кісінің ісі»
деген екен. Біреуді танымасаң да жақсылық жасау әр оқушының парызы.