Жұмбақ керек тап кәзір

0 голосов
46 просмотров

Жұмбақ керек тап кәзір


Қазақ тiлi (15 баллов) | 46 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Ызақор бұғып жатыр, Сақалы шығып жатыр.
(жуа)
*** Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады.
(жуа)
*** Бұл не деген көп киім, жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр одан өтпейді, қабат-қабат тоны бар, түймелеуге жетпейді.
(орамжапырақ)
*** Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр
ызылша)
*** Сырты жасыл қатты
Іші қызыл тәтті.
арбыз)
*** Жерде жатып желіндейді,
Күз түскенше желінбейді.
ауын)
*** Көк лағым көгенде жатып семіреді.
арбыз)
*** Жасыл ала дөңгелек,
Бақшада жатыр дөңгелеп.
арбыз)
*** Әр желінің асты толған көк қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям.
ияр)
*** Бұтағында азығы
Ортасында азығы.
(алма) 
*** Ақ құман жүр жүзіп.
Су бетін сүзіп.
(аққу)
*** Бес қаруы белінде
Самғап жүреді көгімде.
(бүркіт)
Бір-ақ сөз біледі, Өз аты онысы.
Соны айтып жүреді және жоқ қонысы.
(көкек)
*** Талдың басында, жемі бар қасында,
Там тұр саялы, достары аялы.
(құс ұясы)
*** Ағайынды бәрі:
Шықса-көк, Түссе-сары.
(жапырақтар)
*** Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл.
стаз)
*** Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(кітап)
*** Жіп-жіңішке денесі,
Ортасында шегесі.
арындаш)
*** Жазу жазып жалықпаған,
Жаза-жаза арықтаған.
(бор)
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(мектеп)
*** Қиналып көтеріп, Өзінен ауырды.
Жорғалап кетеді, Жүкшідей кәдімгі.
(құмырсқа)
*** Бейбітшілік құсы деп,
Атайды оны барша жұрт.
(көгершін)
*** Қыста киімін тастайды,
Көктемде киіне бастайды.
(ағаш)
*** Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.
(көйлек)
*** Ұшады қанатсыз,
Зырлайды аяқсыз.
(Зымыран)
*** Беттескен қос табақ, Ортасында бас тамақ.
Киізбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша.
(таба нан) *** Үсті тас,асты тас,
Ортасында піскен ас.
(нан)

(68 баллов)