Менім ойымша әр адам еңбекпен нан табуы керек. Өз елі мен жанұясы үшін еңбекқор болуы қажет. Қарт адам да, жас бала да еңбектене алады. Әр адамның өз еңбегі мен міндеті бар. Әскеріміз біздің елімізді жаудан қорғайды, елбасымыз әр қашан өз мемлекетінің және халқының қамын ойлайды, дәрігерлерсіз біздің халқымыз ауру, медицинамыз нашар болар еді, иегіншілерсіз біздің еліміз аш болар еді, сол сияқты малшылардың еңбегімен дастарқанымыз жасалады. Ал, ұстаздар балалардың келешегін ойлап, оларға тәрбие және білім береді. Осы оқыған біліміне сәйкес өзінің болашақ мамандығын таңдайды. Болашағында олар өз еңбегінің ақысына өмір сүреді. Еңбек пен бақыт егіз. Сондықтан еңбек еткен адам бақытты болады. Міне еңбекпен тапқан нан осы болады.