Аққу құстың төресі ойтолғау керек өтінем көмектесіңіздерші

0 голосов
120 просмотров

Аққу құстың төресі ойтолғау керек өтінем көмектесіңіздерші


Қазақ тiлi (48 баллов) | 120 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Аққуды қазақ халқы ежелден қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған ешуақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы»,Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің«Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстанды мекендейтін екеуі – сыбырлақ және сұңқылдақ аққулар. Кіші аққу тундрадан қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.Қазақтар аққуды киелі құс деген:Аққу құсы әдемі құс болғандықтан, жалпы ақ түсті болып келеді - сұлулыққа теңеген. Қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген.
Құстардың ішінен жұптасып өмір сүретін бірден-бір құс.
Егер Жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып,ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
Тундрадағы аққуларОсыдан қазақ халқы "Аққуды атуға болмайды", "Махаббаттарың айдында жүзген қос аққудай болсын" -деген дана сөздер қалдырған.Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айларында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшелігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлақ деген екі түрі кездеседі. Тұмсығының жиегінде үлкенді- кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұщы көл жағасында салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген

(623 баллов)