Нужна характеристика хабарлы,лепті,сұраулы cөйлем .. может у кого есть в учебниках по...

0 голосов
124 просмотров

Нужна характеристика хабарлы,лепті,сұраулы cөйлем .. может у кого есть в учебниках по казахскому языку?


Қазақ тiлi (303 баллов) | 124 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов
Правильный ответ

Хабарлы сөйлем деп біреу я бірдеме туралы хабарлай айтылған сөйлемді дейміз.

Хабарлы сөйлемді айтқанда, оның аяғында дауыс бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңына нүкте қойылады.

 

 

Лепті сөйлем деп ерекше көңіл күйіне, сезімге байланысты (қуану, ренжу, таңдану, аяу, бұйыру және т. б.) айтылған ойды білдіретін сөйлемді дейміз.

Лепті сөйлем ішіндегі сөздер түгелімен (әсіресе баяндауышы) көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлем соңынан леп белгісі қойылады.

  Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлем деп біреу я бірдеме жайында білу мақсатымен сұрай айтылған сөйлемді атаймыз.

Сұраулы сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады.

Сұраулы сөйлемнің жасалуы

Сұраулы сөйлемнің жасалуы:

сұраулы сөйлемдер сұрау есімдігі қатысуы арқылы айтылады; сұраулық мағына ма (ме), ба (бе), па (пе) және ше деген сұраулық шылаулардың қатысуы арқылы да білдіріледі; сұраулық мағына кейде ғой, -ау шылаулары мен болар, шығар, қайтеді деген көмекші сөздердің және ә деген одағайдың қатысуы арқылы беріледі; сұраулық мағына сұрау дауыс ырғағының өзі арқылы да беріледі.
(215 баллов)
0 голосов

Хабарлы сөйлем-Хабарды, ақпаратты баяндау мақсатында айтылады

Лепті сөйлем-сезіммен интонациямен айтылатын сөйлем

Сұраулы-сұрақ қою арқылы пайда болатын сойлем

(300 баллов)