Бір түлкі жүгіріп жатып,абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.Шыға алмай тұрғанда,бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,түлкіні көреді. -Ей, түлкі батыр,не қылып тұрсың? - депті. -Ой,не қыласың,жаным жай тауып тұр.Қырда әрі сусап,әрі ыстықтан өліп едім,апанның іші әрі салқын,әрі түбінде тұп-тұнық суы бар екен,-депті. Мұны естіп ешкі: "Мен де салқындайын,әрі су ішейін", -деп ойлап,секіріп апанға түсіпті.Сонда түлкі секіріп,ешкінің үстіне мініп,онан мүйізіне шығып,ырғып далаға шығып,жөніне кетіпті. "Өтірікке алданба,басың бәлеге душар болар" деген осыдан қалыпты.