РЕБЯТ ПОМОГИТЕ ПОЖАЛУЙСТА УМОЛЯЮ, ДАМ 40 БАЛОВ КТО ОТВЕТИТ , И ОТМЕЧУ ОТВЕТ ЛУЧШИМ .
Мамандық таңдау- әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. « Армансыз адам , қанатсыз құспен тең” дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады . Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнері адам өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі көп . Халық алдына шығып ән салатын әнші болу. Адама өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Сөзбен өрнек салатын жазушы болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз болу . Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына бейімделе бастайды . Терең білім алуға талпынады . Өз бетінше ғалымдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады. Осы жолда отбасының, ұстаздың, мектептің , қоршаған ортаның алар орны ерекше . Жастарға болашақта мектептен алған сапалы білім ауадай қажет болатыны анық. Сондықтан да ата – ананың , ұстаздың берген сапалы білімі мен өнегелі тәрбиесін дұрыс ұғынып , түсініп оқу жастардың басты міндеті болмақ.
III деңгей
1.Мәтіннің мазмұнына сәйкес берілген сұрақтарды рет -ретімен қойып , жауап беріңдер.
1.Мектеп бітіруші түлектің мақсаты не ?
2.Армансыз адам немен тең?
3. Қандай адам болашақта дегеніне жетеді?
4.Мамандықтың басқа қандай түрлерін білесіңдер?
5.Мектептен алған білім неге керек ?
6. Жастардың басты міндеті не деп ойлайсыңдар?
2.Мәтіннен 5 етістік теріп жазып , дара және күрделі мақсатты келер шақ жасап ,сөйлем құраңдар.
II деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын сақтап ,қысқартып жазыңдар.
2.Төмендегі нақыл сөздердің мәтінге қандай қатысы бар екенін әңгімелеп беріңдер.
Мен жастарға «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шақырады .Оған жету үшін талмай ізденіңдер!»дер едім . Жастарға тоғышарлық , бойкуйездік дертінен аулақ, сергек ,сезімтал болған жарасады.
Баланың болашақта қатарынан қалмай азбал азамат болуы – әр ата –ананың ізгі арманы
Болашақ кілті – жастарда .
I деңгей
Мәтінге сүйеніп , адам өміріндегі отбасы , ұстаз , мектептің рөлі туралы айтып беріңдер .