Пословицы ** казахском языке ** тему Туган жер

0 голосов
40 просмотров

Пословицы на казахском языке на тему Туган жер


Қазақ тiлi | 40 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

1 Туған жердің түтіні де тәтті.
2.Туған жердің күні де ыстық ,түні де ыстық.
3.Туған жерің түсіңе кіреді.

(53.9k баллов)
0 голосов

1 Туган жердей жер болмас,туган елдей ел болмас
2 Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары. 

Әркімнің өз жері — ұжмақ. 

"Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз, 
Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз".

Бақа батпағына, балық көліне. 

Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі. 

Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық. 

Дарақ бір жерден көгереді. 

Дуадақ шөлін мақтайды, 
Көкала каз көлін мақтайды. 
Кемеңгер елін мақтайды,
Дихан жерін мақтайды.

Ерінбеген елге жетеді. 

Ерінен айрылған көмгенше жылайды, 
Елінен айрылған өлгенше жылайды.

Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.

Жат жерде жаның қиналса — 
ел қадірін білерсің.
Жұтым суға зар болсаң —
көл қадірін білерсің.    

Жат жердің қаршығасынан, 
өз жеріңнің қарғасы артық.

Жекен жерінде көгерер, 
Ер елінде көгерер.

Ит екеш ит те туған жерін аңсайды. 

Ит тойған жеріне, 
Ер туған жеріне.

Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркіре.