Фотоға түсіру - өнердің бір түрі. Сурет - тарих шежіресі. Күнделікті фотоға түсіруге қызығатын адамдар бар. Кәсіби фотосуретшілер ерекше туындылар жасап шығарады
Фотоөнер - қас қағым сәттің өмірліқ шежіресі. Ол ерекше байқағыштықты, керек сәтті тез қағып алуды талап етеді.
Дамыған елдерде фотосуретшілердің еңбектеріне барлық жағдай жасалған. Олардың авторлық құқықтары, қаламақы және де басқа әлеуметтік жағдайлары заңның аясында шешілген және заңмен қорғалған. Мысалы, Балтық елдеріндегі 12 азамат фотоөнерден Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған.