Помогите пожалуйста 35 баллов!!! 3 задание.

0 голосов
25 просмотров

Помогите пожалуйста 35 баллов!!! 3 задание.


image

Қазақ тiлi (12 баллов) | 25 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

КАКОЕ задание там даже нету картины  

(102 баллов)
0 голосов

Лондон олимпиадасы
Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды.

Олимпиада ойындарына әлемнің 204 елінен он мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыс кезінде қауіпсіздікті 14 мың полицей, 17 мың әскери маман қадағалаған.

Ойындарда барлығы үш жүзден астам медаль жұбы сарапқа салынған. Олимпиада жүлдесін 85 елдің спортшылары иеленді.

Қазақстан 12-орын алып, Голландия, Украина, Куба, Иран, Чехия, Испания, Бразилия, Аргентина сияқты елдерді артқа тастады. ТМД елдері арасынан Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орынды алды, Азия құрлығы бойынша Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші сатыдан көрінді.

АЛҒАШҚЫ АЛТЫН

Велоспортшы Александр Винокуров олимпиада ойындарындағы екінші жүлдесін иеленді. Осыдан он екі жыл бұрын Сидней олимпиадасында күміс медаль алған Вино (спортшының лақап аты) Лондонда чемпион атанды.

Спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парағында: «Балаларыма керемет сыйлық жасадым.
Олимпиада қарсаңында Қазақстан ауыр атлетика ұлттық құрамасының бас кеңесшісі Энвер Түркелери «үш алтын аламыз» деп уәде берген еді. Спортшылар жоспарлы межеден асып түсіп, төрт алтын алды. Илья Ильин Қазақстаннан шыққан тұңғыш екі дүркін олимпиада чемпионы атанды.

Осыған дейінгі әлем чемпионаттарында тек алтын мен күміс жүлде иеленіп жүрген Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова да Лондонда алтын алды. Чиншанло 2011 жылы өзі орнатқан әлем рекордын қайта жаңартты.
Жеңіл атлет Ольга Рыпакова ұзындыққа секіру секторында олимпиада үздігі атанды. Пекин олимпиадасында 15,15 метрге секіріп, төртінші орын алған спортшы Лондонда 14,99 метрге қарғыды. Осы нәтиженің өзі спортшының чемпион атануына жеткілікті болды.
Олимпиада алдында Қазақстанның бокстан олимпиада құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов «бір алтын, бір күміс, бір қола жүлде аламыз» деген жоспарын айтқан.

Лондонда 69 килограмм салмақ дәрежесінде Серік Сәпиев - алтын, 81 килограмм салмақта Әділбек Ниязымбетов - күміс, + 91 килограмда Иван Дычко қола медаль алды.

(216 баллов)