Бізге керегі:
1 кг ет500 г өкпе500 г бауыр300 г жүрек200 г бүйрек300 г құйрық май2 бас пияз1 шай қасық бұрыш1 ас қасық тұз қажет
Қуырдақ дайындау:
Ең алдыменқызып тұрған қазанға іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүректі, ішек-қарынды, мойын, төстік еттерін салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бүрыш, пияз қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай салады. Әбден піскен қуырдақты табаққа салып, дастарқанға қояды