Ата туралы эссе жазу

0 голосов
67 просмотров

Ата туралы эссе жазу


Қазақ тiлi (66 баллов) | 67 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Менің атам өте керемет жан еді. Жүрген жерінде барлық жандарға көмектесіп, демеп жүретін. Отбасымыздың әр мүшесіне күз сайын соғымы мен көкеністерін аямай беретін. Ал апамды атам өзінің соңғы күніне дейін өте қатты жақсы көрді. Шіркін, сондай махаббат қазір бар ма екен? Атам бұл дүниеден өткен соң, біздің шаңырақ аңырап қалған сияқты. Бәріміздің басымызды жинап, той мен томалаққа ұйытқы болатын сол адам еді. Әр адамның өмірінде әке мен шеше ерекше орын алса, мен үшін апам мен атам да одан кем орынды алмайды. Әр жаз сайын уақытымды сонда өткізгендіктен бе білмеймін, атам мен менің арамызда ерекше жылулық пен қарым-қатынас болатын. Мен атамды өмір бойы есімде тек үлгі аларлық адам ретінде ғана сақтайтын боламын. Егерде мен танымайтын адам атам жайлы жақсы сөздерді жаудыртатын болса, мен қатты қуанамын. Атамды сағындым... Сол себептен, егер аталарыңыз және апаларыңыз жандарыңызда болса, оларды қаншалықты жақсы көретіндеріңізді айтуды ұмытпаңыздар.

(2.3k баллов)