Сочинение по казахскаму языку қазакстандық батырлар 6-7 предложений.

0 голосов
97 просмотров

Сочинение по казахскаму языку қазакстандық батырлар 6-7 предложений.


Қазақ тiлi | 97 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Қазақ жері батырларымыздың арқасында жаудың қолында кетпеді. Осылайша, ол шеті мен бұл шетіне құс қанаты талатын казіргі кең байтақ өлкемізді, құтты қоныс, ата мекенімізді ұлы жорықтарда батыр бабаларымыз білегінің күшімен, найзасының ұшымен қорғай жүріп бізге аманаттап қалдырды. Осы еңбегі үшін халық биікке көтерген, ардақтап, аттарын аңызға айналдырған батырлардың ішінде, әсіресе, Абылай ханның бас қолбасшылары саналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бір төбе болса, тағы да осылардың қатарында бір шоғыр қазақ батырларының: Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке, Қылышбек пен Естенбек, Есенқұл мен Сыпатай сынды ақберендердің есімдері де айрықша жарқырап көрінеді. Сондықтан осы аттары аталған айтулы батырлардың ел тағдырындағы тарихи орны мен олар жасаған ерлік жорықтарының мәні мен маңызы да бірнеше ғасырлар бойында ел жадынан бір сәтке де ұмыт қалған емес. Жалпы осы аттары аталған батырлардың болсын, немесе әр ғасырда өмір сүріп, әртүрлі тағдыр кешкен басқа да сандаған ұлттық деңгейдегі тұлғалардың қай-қайсысын алсаңыз да олардың тұлғасын алдымен халық ішінен шыққан өнер иелері көркем сомдауға, әдебиет тілінде жырға қосуға ұмтылған. Оның ішінде әсіресе халық ауыз әдебиетінің, яғни фольклордың үлесі дара көрінеді.

(164 баллов)