Помогите пожалуйста
1.Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді көрсетіңіз.
А) Қоңыр сиыр, көк көйлек, жасыл жапырақ.
В) Қара бояу, қалың киім, суық су.
С) Қалың шөп,адал ас, қара сөз.
Д) Суық жел, бет әжімі, ұлпа қар.
Е) Қара жүрек, қалың жұрт, суық хабар.
2.Тек қазақ тіліне тән дыбыстар қатарын көрсетіңіз.
А) ө,і,ү.
В) ү,ұ,у.
С) ы,і,и.
Д) ф,х,һ.
Е) ғ,қ,ш.
3. «Ы» әрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз.
А) Бөр...к.
В) М...нез.
С) Кәр... .
Д) Жазғ... .
Е) Д...мді.
4.Ұяң дауыссыз дыбыстан құралған сөзді көретіңіз.
А) Ине.
В) Көк.
С) Кереге.
Д) Алма.
Е) Баға.
5.Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.
А) Анау бала.
В) Әдемі қыз.
С) Менің әжем.
Д) Алтын адам.
Е) Жеті қыз
6.Болымсыз етістікті табыңыз.
А) Күткен.
В) Көмектескен.
С) Алып тұр.
Д) Көрген.
Е) Дайындалмаған.
7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторын анықтаңыз.
А) Жандарбек Мәлібекұлы.
В) Шәкен Ниязбеков.
С) Мұзафар Әлімбаев.
Д) Шотаман Уәлиханов.
Е) Қадыр Мырза-Әлі.
8.Өскемен қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқанаң көрсетіңіз.
А) Батысында.
В) Оңтүстігінде.
С) Шығысында.
Д) Орталыңғында.
Е) Солтүстігінде.
9.Қыс айларын табыңыз.
А) Қазан, тамыз.
В) Маусым,шілде.
С) Қаңтар,ақпан.
Д) Мамыр, қыркүйек.
Е) Наурыз, сәуір.
10. Антоним болмайтын сөздерді табыңыз.
А) Жарық -қараңғы.
В) Әлсіз -жақын.
С) Терең -таяз.
Д) Биік -аласа.
Е) Ақылды –ақымақ.
11.Күрделі сан есімді анықтаңыз.
А) Жетілерде.
В) Үшінші.
С) Мың.
Д) Алтау.
Е) Тоғыз жүз елу.
12.Туынды сөзді табыңыз.
А) Еңбегің.
В) Еңбекті.
С) Еңбектен.
Д) Еңбекпен.
Е) Еңбекші.
13.Туынды зат есімді көрсетіңіз.
А) Тәртіп.
В) Он.
С) Оқудың.
Д) Он бес.
Е) Бірлік..
14.Сын есім негізінен сөйлемнің қандай мүшесі болатынын белгілеңіз.
А) Баяндауыш.
В) Анықтауыш.
С) Бастауыш .
Д) Пысықтауыш.
Е) Толықтауыш.
15.Сан есімді көрсетіңіз.
А) Жарық.
В) Көк.
С) Отыз.
Д) Жыласа.
Е) Жұмсақ.
16.Жалпылау есімдігін табыңыз.
А) Кей шақта.
В) Бүкіл.
С) Дәнеңе.
Д) Әрқашан.
Е) Неге.
17.Қажетті септеулікті көрсетіңз.
Құрманғазы Сарыарқа ... күй толғаған.
А) Қатар.
В) Бері.
С) Соң.
Д) Ғана.
Е) Туралы.
18.Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын сөйлемді анықтаңыз.
А) Бұл үлкен жетістікке жеткізеді.
В) Жақсы ісімен жақсы.
С) Адамға зор денсаулық керек.
Д) Кітапты алды.
Е) Семей полигоны жабылды.
19.Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
А) Мұғалім балаларды мектепке кіргізді.
В) Күн шықты.
С) Кәсіпорын жұмысын бастады.
Д) Мен мектепке тез жиналдым..
Е) Жаңа мектеп маған ұнады.
20. «Қоян жүрек» фразеологизмнің синонимін табыңыз.
А) Жақын.
В) Жақсы.
С) Кішкентай.
Д) Қорқақ.
Е) Үлкен.
21. Тұйық буыны бар сөзді табыңыз.
А) Адам.
В) Ғылым.
С) Халық.
Д) Арман.
Е) Қазақ.
22.Септеліп тұрған есімдікті көрсетіңіз.
А) Өзім.
В) Өзімді.
С) Кейбіреуің.
Д) Қанша?
Е) Ешкім.
23.Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
А) Ыңғайлас салалас.
В) Хабарлы сөйлем.
С) Құрмалас сөйлем.
Д) Жай сөйлем.
Е) Бұйрықты сөйлем.
24.Сөйлемдегі ойға сөйлеушінің көзқарасын білдіретін оқшау сөздерді қалай атайтынын көрсетіңіз.
А) Қаратпа сөз.
В) Жалпылаушы сөздер.
С) Одағай сөздер.
Д) Айқындауыш мүше.
Е) Қыстырма сөз.
25.Одағайы бар сөйлемді көрсетіңіз.
А) Қазіргі кезде интернет ешкімге де таң емес.
В) Жастардың көбі жеңіл музыканы ұнатады.
С) Интернет жүйесі арқылы жүздеген елдермен байланыса аласың .
Д) Билл Гейтс – қазір дүниедегі ең бай адам.
Е) Ах! Болат сен кешегі гала –концертті көрдің бе?.