Казак хандыгына 550 жыл шыгарма

0 голосов
68 просмотров

Казак хандыгына 550 жыл шыгарма


Қазақ тiлi (12 баллов) | 68 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Қазақ хандығы – халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы, мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры. Сол тұғыры биік хандықтың құрылғанына бүгінде 550 жыл толып отыр. Бұл жылдар – бүгінгі Қазақстанның өткенінен сыр шертер, тарихын танытар ақиқат пен аңызға айналған жылдар.

Еліміз тарих толқынында шыңдалып, байтақ жеріміз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғалып, сарабдал хандардың саясаты мен ержүрек батырлардың ерлігінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.

Осынау ұлан-ғайыр даламыздың алып сахарасында Қазақ хандығы ХV-ХІХ ғасырларда кеңінен қанат жайып, байтақ өңірді мекен еткен қазақ тайпаларының басын қосқан елдігіміздің бастауы болды.

Қазақ хандығының 550 жылдығы – қазақ елінің өткені, қазақ халқының тарихы. Сол тарихқа көз жүгіртсек, Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ хандықтарының құрылуы мен өрлеуіне, халқымыздың тұрмысы мен дәстүрлі мәдениетіне, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сияқты өзіндік заңдарына тоқталмай өтпейміз. Себебі бүгінгі ерлігіміздің арқауы мен елдігіміздің арқауы – қазақ хандығы.

Иә, қазақ хандығының тарихы тереңде жатыр. Қазақ тарихындағы қазақ хандығы, оның құрылуы мен нығаюы қазақ хандарының есімімен тікелей байланысты. 1458 жылы халық Керейді ақ киізге көтеріп, хан сайлады. Керей мен Жәнібек қол астындағы ру-тайпаларымен Шу бойына қоныстанып, қазақ хандығының негізін салды. Өз қарсыластарын тықсыртып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған қазақ хандығы ХVІ-ХVІІ ғасырларда нығая түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс орнады. Қазақ жерін нығайтып, қазақтардың үстемдігін орнатудағы ерекше ұстанымдарымен Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Тәуке хандар елдің бірлігі мен бүтіндігін сақтады. Хандықтағы жоғары билік хан қолына шоғырландырылып, хан тағына отыруға үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хандықта келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау, бейбіт бітім жасау, заң шығару істері жүргізілді. Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өтуі — біздер үшін ерекше тарихи оқиға. «Тарихын білмеген елдің болашағы да бұлыңғыр болады» деп, халықтың болашағы үшін тарихын таразылаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың батыл түрде осы ғасырлар қойнауындағы көне тарихты кең көлемде қайта жаңғыртудағы шешімі ұлт рухын көтеретін тағылымды бастама болды. «Мәңгілік еліміз барда қазақтың тарихы да мәңгілік»- деп, жарқын болашағымызға нық сенім білдіреді. «Біздің тарихымыз — мақтан етуге лайықты, ерлік пен елдіктің тарихы» — деп, ұрпаққа ұран болар ұлағатты сөз айтты.

Асқақ Астанамыздың төріндегі Керей мен Жәнібектің ескерткіші, Есіл бойындағы Кенесары хан ескерткіші, Алматыдағы Абылай хан ескерткіші тарихымызға, елдік дәстүрімізге, мәңгілік мемлекеттігімізге арналған мәңгілік белгі боп орнады.

Асыл текті, алмас тілді бабалардың арманы бүгінгі бейбіт күнге дейін жеткізіп, Мәңгілік елге айналдық. Бұл – біз үшін ең қымбат асыл дүние. Осы еркіндікті, шандыққа айналған асқақ арманды, ерлік пен елдікті сақтау біздің парызымыз.

(2.1k баллов)