Жүйрік ат туралы сипаттау

0 голосов
117 просмотров

Жүйрік ат туралы сипаттау


Қазақ тiлi (326 баллов) | 117 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Менің он жасымда, ауылдағы атам туған күніме деп, бір жылқы силаған болатын. Оның түсі қоңыр-қара, көздері сондай мөлдір және жалы күн астында жылтырайтын да тұратын. Оның атын өзім қойдым, "Қарасай" деп, батырға балап, ырымдаған болатынмын. Ол атты әкем екеуіміз бәйгеге де қосып көрдік. Ең басында жасқанды ма, білмеймін, орнынан қозғалмай тұрып алды. Ал келесі жолдары, жатырқағанын қойып, бірінші орындардан ғана көрінді. Қарасайды бізден тартып алмақ кісілер көп болды. Оны сатып алайын дегендер де аз емес еді. Бірақ, мен сүйікті жануарыммен әлемнің жеті кереметі үшін де қоштаспас едім. Сол себептен, тіпті қалаға кеткенде де, әр апта сайын келіп, оны көріп кететінмін. Қазір, Қарасайымды сағынышпен еске аламын...

(2.3k баллов)