Әке - отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез - құлқы, өзгелермен қарым - қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл - береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. мақалдар;Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
Әке балаға қарыз,
Бала далаға қарыз.
Әке балаға сыншы.
Әкеден — ақыл, анадан — мейір.
Әкеден безген ұл болмас,
Анадан безген қыз болмас.
Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
Әкелі бала жаужүрек,
Әкесіз бала сұмжүрек