Сөк сөзіне сөйлем құрау керек

0 голосов
33 просмотров

Сөк сөзіне сөйлем құрау керек


Қазақ тiлi (27 баллов) | 33 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Сөк – тарыдан жасалатын тағам түрі. Сөк дайындау үшін тарыны әбден тазалап, үлкен қазанға су құйып қайнатады. Қауызы ашыла бастаған кезде шыптаға салып сүзеді. Оны кептірмей, қазанға салып қуырады. Күйіп кетпеуі үшін ұстауға ыңғайлы, бір жақ басына шүберек оралған былғауышпен араластырып отырады. Қуырылған тары піскен соң келіге салып келсаппен түйеді. Түйілген тарының қауызын (кебегін) ұшырады. Мұны қаралау дейді. Қаралап болғаннан кейін қайтадан келіге салып түйеді. Мұны ақтау дейді. Ақталған тарыны сөк деп атайды. Сөктен түрлі майсөк, жарма, тары көже, төп, бөртпе, т.б. дәмді тағамдар жасалады. Сүтке, қаймаққа араластырып та, құрғақтай да жеуге болады. Сөк — қазақ халқының ертеден дайындап, ішіп-жеп келе жатқан тағамының бірі. Ол тарыдан жасалады.
(154 баллов)