Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана. Ақиқатты айтқандардың бәрі осылай сорласын Деп бір хаһан шанағына құйған оның қорғасын. Жалған сөйлеп көрген емес соның өзінде: Аппақ жалын күйдің жанын жалап жатқан кезінде.
Қадыр Мырза Әли