Сәлеметсізбе! Маған "Құсбегілік- ата кәсіп" деген тақырыпқа шығарма керек. ...

0 голосов
172 просмотров

Сәлеметсізбе! Маған "Құсбегілік- ата кәсіп" деген тақырыпқа шығарма керек.
______________________________________
Здраствуйте! Мне нужно сочинение на тему "Құсбегілік- ата кәсіп"


Қазақ тiлi (80 баллов) | 172 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Құсбегілік-ата кәсіп. Құсбегілік — қазақ ұлтының қанына сіңген көне дәстүр. Көшпенділер өмірінен берік орын алған үлкен өнер. Оның тәлім-тәрбиесі атадан балаға қастерлі қалпымен жарасымды жалғасқан және жалғасып та келеді. Адамзат тарихындағы елеулі жаңалықтардың бірі де дәл осы құсбегілік өнер. Басқа басқа өнердің бұл түрі қазаққа етене жақын болғандықтан құсбегілік өнер біздің ұлтымыздың ерекшелігін айқындап, болмысын айшықтайтындай. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің тек Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады. Одан бөлек жыл сайын елімізде бүркітшілер сайысы өткізіліп, түрлі игі шаралар да өткізіліп тұрады. Бүркітті баулып, онымен аң аулау кәсібі, саятшылық өнердің бір түрі болып саналады.. Бұл кәсіппен ертеде көбіне көшпелі түркі тілдес халықтар мен арабтар айналысқан. Бүркітті қолға түсірудің бірнеше тәсілі бар. Бірінші жолы ұядан алу болса, екінші жолы жаба тоқу арқылы, ал үшінші тәсіл бүркіт тойаттағанда, яғни бүркіт жемтікке қатты тойып алып, ұша алмай қалған кезінде қуып жүріп, шаршағанда ұстап алу.

(138 баллов)