1.Кітап - алтын қазына.
2.Кітап - қаймақ, білім - оймақ.
3.Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
4.Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
5.Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
6.Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
7.Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
8.Күш - білімде, білім - кітапта.
9.Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.