Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады. Өте орынды айтылған мақал. Білімді адаммен сөйлескен өзі бір ғанибет, ал өзің білімді болсаң тіпті тамаша. Білімді болу үшін асқан шыдамдылық, төзімділік керек. Білімді болу үшін мәнсіз, мағынасыз қызықтардан бас тартуың қажет. Сен бүгін білімді болуға талпынып, білімді сүйе білсең, білімді азаматты қоршаған ортадағы адамзат қауымы сылайды.