Біз бәріміз анамызды жақсы көреміз.Өмірдегі ең қадірлі ,ардақты-Ана деген сөз.Ана адам баласы өмірге келгеннен ақ айтылатын ең алғашқы сөз. Ана бүкіл әлем үшін қадірлі,мейрімді жан. Менің анамның қолы гүл,және ол барлығын жасай алады.Ана жүрегі әрдайым балам деп соғады.Ана жүрегі өте нәзік және махаббатқа толы.Мен бес жасқа толсам да,он бес жасқа толсам да менің жүрегім Анам деп соғады.Ананың асыл сөздері,беоген кеңестері әрбір адамның есінен кетпесі анық..Ана есімі осы өмірде баға жетпес асыл мұра.
Менің анамнан артық адам жоқ шығар бұл өмірде.Мен анамның шебер қолдарын,жылы сөздерін қатты ұнатамын.Анамнан артық кім мені ардақтап ,аялап түсінеді.Мен ауырып қалғанда түн ұйқысын төрт бөлетін де-Ана. Ана өз баласының ел қатарлы бақытты болуын қалайды.
Рахмет Анашым-маған берген барлық жақсылықтарың үшін.Анашым мен сіздің нәзік жүрегіңізбен жылы жүрегіңізді берген тәлім тәрбиелеріңізді маған деген махаббатыңызды ұмытпаймын және, сізді өмірімнің соңына дейін аялап өтемін.
Мен анама ең алдымен ұзақ өмір,зор бенсаулық,мол бақыт және де біздің қуанышымыз болып жүре беруіне тілектеспін.