Талапты жетер муратка

0 голосов
124 просмотров

Талапты жетер муратка


Қазақ тiлi (16 баллов) | 124 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Бір тосырқай ауылдың мектебінде бір қыз оқиды. Оқу озаты. Сабағы 4 пен 5. Достарының алдында сыйлы, әрдайым кездескен кісімен амандасып, сыпайылық танытады. Бірақ ұстаздар қауымы қыздың талантын байқағанмен, бағаламайды яғни көзге ілмейді, қолдау көрсетпейді. Қыз жоғары оқу орнына түсуді армандайды. Ал мектебі тоғызжылдық. Сондықтан 10.11 оқуды жөн көреді. Ата-анасы қарсы болмайды. Бірақ ұстаздар ҰБТ тапсыра алмайсың деп, қыздың біліміне күмән келтіреді. Достары 10.11 қайтесін деп ақыл айтты. Өйткені олар 9-дан кейін колледжге түспекші. Қыз ұзақ уақыт ойға шомып жүреді. Бір тоқтамға келіп, 10.11 оқу үшін қалаға жол тартуды ойлайды. Мемлекеттік емтихандарын үздік тапсырып, қалада гимназия мектебінде емтихандардан сүрінбей өтіп, оқиды. Сабақты өте жақсы оқып, айқын көрсеткіштер көрсетеді. Сүбелі жетістіктеріне бұрынғы ұстаздар, сыныптастары мен туған-туыстары таң қалады. Қыз ҰБТ-ны тапсырып, Грант-қа ілігіп, арман қала Астанаға жол тартады. Ата-анасына күш түсірмеу үшін жұмыс істеп, оқуын оқып, аңсаған армандарын орындауға тәй-тәй қадамдар жасайды....

(43 баллов)