Данышпан бағбан аңыз әнгіме жалғастыру

0 голосов
164 просмотров

Данышпан бағбан аңыз әнгіме жалғастыру


Қазақ тiлi (15 баллов) | 164 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов
Правильный ответ

Османлы патшаларынан бірі Анадолуда бір бағбанның ағаш егіп жатқанын көріп, сүйсінеді де оған:— Ей ата! Жасыңыз болса да біразға келіпті, бұл ағаш еккеніңізден сізге не пайда? Босқа әуреге түсіп жатырсыз ғой?- дейді. Диқан былай деп жауап береді:— Патшам! Біз аталарымыздың еккен ағаштарының жемістерін жедік. Енді балаларымыз да осы ағаштардың жемістерін жейді.Бұл жауап патшаға ұнап, «Бәрекелді» дейді. Сол дәуірлерде патшаның бәрекелді деп айтқан адамдарына бір әмиян алтын беру әдет болған екен. Патша диқанға бір әмиян алтын бергізеді. Бұл әдетті ұнатқан диқан:
— Патшам, қараңыз ағаш қазірден бастап жемісін беріп жатыр,- дейді.
Бұл жауап та патшаға ұнап, тағы да «Бәрекелді» дейді. Екінші әмиянды да алған диқан мүмкіншілікті жібермеуге тырысып, бұл жолы:— Патшам, бұл ағаш неткен берекелі ағаш, басқа ағаштар жылына бір рет өнім берсе, бұл ағаш екі рет жеміс берді,- дейді.Бұл жауап та патшаға қатты ұнап, тағы да «Бәрекелді!» дейді. Сонымен үшінші әмиян алтынды алады.
Патшаның жанындағы уәзірі, бұл жерде тұрған сайын қаншама алтынның кетіп жатқанын байқап, дереу патшаны бір сылтаулармен ол жерден алып кетеді.

(200 баллов)