дайте правила ** казахском языке ** тему сын есім и синоним, ну если ненайд(те то...

0 голосов
69 просмотров

дайте правила на казахском языке на тему сын есім и синоним, ну если ненайд(те то достаточно правил на тему сын есім СРОЧНО

МОЖНО ИЗ ИНТЕРНЕТА ДА ХОТЬ ОТКУДА !!!!!!!!!!!!


Қазақ тiлi (305 баллов) | 69 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов
Правильный ответ

 

Заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Мысалы: қызық (кітап), өнерлі (адам), жақсы (хабар), бойшаң (бала).

Сын есім қандай? қай? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Қызық кітап оқыдым.

Сын есім етістіктің алдынан тіркесіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Ол жақсы оқып, жақсы жүреді.

Сын есім сөйлемнің баяндауышы да болады. Мен үлкенмін, сен кішісің.

Тұлғасына қарай сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі сын есім: қызыл, кәрі, жұмыр, сары, күрең, нашар, сұр, үлкен.

Туынды сын есім: ұялшақ, үлгілі, әсемпаз, өнерлі, күзгі, таулы.

Туынды сын есім сын есім тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.

 

САПА СЫНЫ МЕН ҚАТЫСТЫҚ СЫН

Шырай арқылы түрлене алатын сын есімнің түрін сапа сын дейміз. Мысалы: жақсырақ, көңілдірек, өте көңілді, жап-жасыл, сарылау, бозаң, үп-үлкен.

Шырай арқылы түрлене алмайтын сын есімнің түрін қатыстық сын дейміз: қалталты, көйлексіз, күзгі, байпақшаң, қалалық (комитет).

 

ДАРА ЖӘНЕ КҮРДЕЛІ СЫН ЕСІМДЕР

Сын есім заттың сындық сапасын бір сөз арқылы да, көп сөз арқылы да білдіреді. Мысалы: үлкен, нашар, жасыл, тар, әдемі, кіші, қара күрең, үлкенді-кішілі, сары ала, қара тонды.

Күрделі сын есімдер бір лексикалық мағынада, бір сөйлемнің мүшесі қызметінде қолданылады. Мысалы: Бөлмеге жуантықтау орта жасты, жирен шабдар әйел кірді (С. М.).

Күрделі сын есімдердің жасалуы мынадай:

1)        Негізгі    сын есімдердің  тіркесуі   арқылы   жасалады. Мысалы: қара ала, ақ шабдар.

2)   Негізгі сын мен туынды    сынның тіркесі арқылы жасалады. Мысалы: көк көйлекті, қара қалпақты.

3)        Сын   есімдердің қосарлануы    арқылы жасалады. Мысалы:    үлкенді-кішілі, ақтылы-қаралы,   үлкен-үлкен,
жақсы-жақсы.

4)        Тұрақты тіркестер   арқылы жасалады.   Мысалы: тонның ішкі бауындай.

 

СЫН ЕСІМНІҢ ЗАТТАНУЫ (СУБСТАНТИВТЕНУІ)

Сын есім өзінін сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие болып колданыла алады. М ы с а л ы:  күштімен алыспа, үлкенді сыйла.

Мұндай сын есімдерді заттанған сын есімдер дейміз. Заттанған сын есімдер әдетте өзі қатысты заттың орнына жұмсалады. Мысалы: Үлкен адамды сыйла — ҮлкендІ сыйла.

 

СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫ

Заттың сындық сапасының басқа заттан артық-кемдігін білдіретін сын есім мағынасын шырай дейміз. Қазақ тілінде 2 түрлі шырай бар: 1) салыстырмалы шырай, 2). күшейтпелІ шырай.


(258 баллов)
0 голосов

 

Заттың түрін, түсін, сапасын, белгісін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Мысалы: қызық (кітап), өнерлі (адам), жақсы (хабар), бойшаң (бала).

Сын есім қандай? қай? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Қызық кітап оқыдым.

(149 баллов)