қарсылықты бағыныңқы сабақтас

0 голосов
247 просмотров

қарсылықты бағыныңқы сабақтас


Қазақ тiлi (14 баллов) | 247 просмотров
Дано ответов: 2
0 голосов

Сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемнің біреуінің көбіне алғашқысының баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрін сабақтас құрмалас дейміз.

Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке тұрып сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.
МЫСАЛЫ

Барып сырттан құлақ салсақ та, ешбір дыбыс естілмейді. 

Бұл атыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын

Күн жарқырап тұрған+мен, қатты аяз. (Хоть и светит солнце, стоит сильный мороз).

Тез жүрсе де, пойызға үлгермей қалды. (Хоть и ехал быстро, на поезд не успел).

Сабақ оқуға уақыттары аз бол+а тұр+а, емтиханды жақсы тапсырды. (Хоть у них и было мало времени на подготовку, они хорошо сдали экзамены).


image
(776 баллов)
0 голосов

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құмалас сөйлем - басыңқысөйлем білдіретін ой бағыныңқыда айтылған ойға немесе бағыныңқыдағы ой басыңқыдағы ойға қарсы қойылатын сабақтастың түрі.
Сұрақтары: Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен ? не еткенмен? Қайтпесе ?
Қарсылықты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауыштары мынадай тұлғалардан жасалады:
а) Шартты райлы етістікке да,де шылауы тіркесінен болады: Мен қанша қарасам да, ол мені байқамады.
ә) Болымсыз тұлғадағы етістіктің шартты райынан болады. Мотор үні өшті демесең,екпіні басылып тұр.
б) Көмектес септік тұлғасындағы есімшеден болады. Бұл ажыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын.
в) – ша,-ше тұлғалы есімшеден болады. Мыңның түсін білгенше , бірдің атын біл.
г) Көсемше тұлғалы күрделі етістіктен болып, көмекші етістік тура, тұрып сөзі болады. Дүкеннің жабық екенін біле тұрып, Рүстем соған беттеді.
ғ) Шығыс септік тұлғасындағы болымсыз есімше түрінен болады: бетіме көз салмастан, жасқа ерін бергеніне таң қалдым.

(1.4k баллов)