Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Мамандық таңдауда оқушылар белгілі жазушы, ғалым Ж. Аймауытовтың «Жан жүйесі және өнер таңдау» еңбегінен де жақсы ақыл-кеңестер алуына болады. Автор «мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.» дейді.
Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі қызықпайтынмамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.
Ұсынылып отырған осы сабақ жоспары жасөспірімдерге мамандықты дұрыс таңдауға, қандай да мәселені шешуге көмектеседі.