Егер мен қайың ағашы болсам...
Егер мен қайың ағашы болсам мен көп пайда тигізер едім.Ең бірінші - мен ең сұлу ағашпын.Айналаға көрік беремін, қалада да ауылда да көлеңке түсіремін.
Ауаны зиянды заттардан тазартамын.Менімен бірге селфи жасауға бәрі құмар.Мен өзімнен жағымды энергия бөліп ,адамдармен сырласам,олар жеңілдеп,менен күш-қуат алады,
Менің шырыным-ең экологиялық таза, дәруменді шырын.
Менің жапырақтарым мен қабығым да түрлі дертке дауа.
Тіпті бүршігім де асқазан ауруының мың да бір емі.