"білім дүниенің ең үлкен қазына" деген тақырыпқы эссе

0 голосов
225 просмотров

"білім дүниенің ең үлкен қазына" деген тақырыпқы эссе


Қазақ тiлi (12 баллов) | 225 просмотров
Дан 1 ответ
0 голосов

Ерте, ертеде Иранның бір кішкентай қаласында жалғыз баласы бар бір жесір әйел өмір сүріпті. Жалған дүниемен қоштасарында баласына айтады; басымыздан қиын күндерді өткіздік.Бірақ саған үлкен байлық мирас етемін. Маған оны бір ғұлама берген болатын. Сол кітапта үлкен қазынаға қалай жету керек екені жазылған. Меніғ оқуға қолым тимеді. Соны сеноқы. Бірақ сен міндетті түрде оқы, сонда сен бай боласың!Анасының жаназасынан соң бала кітапты қолына алып қараса, онда былай деп жазылғанын көреді.Қазынаға жету үшін кітаптың әрбір бетін кезегімен оқы. Бір бетін оқымай келесі бетке өтпеңіз.Егер соңын білгің келіп, соңына өтіп кетсеңіз, кітапқа сиқырлы күш еніп, кітап жоқ болады. Қазынаға жете алмайсыз. Кіріспе беттен соң, бір елді мекенде сақтаулы қазына туралы, оның үңгірде және жақсы қорғалуда екені жазылады. 
 Кітаптың бір беттері парсыша, енді бір беттері арабша және бір беттері қытайша екен. Жігіт байлықты ешкім білмесін деп, бар тілді бір өзі меңгереді. Соның арқасында қаладағы ең жақсы аудармашы атанады. Өмірі реттеле бастайды.
Көп тілді білгеннен соң, кітаптың келесі беттерінде қазынаға қалай жету керек екені жазыла бастайды. Осыдан соң жігіт экономика,сауда салаларын да меңгереді. Сонымен қоса ол асыл тастар мен гауһарлар туралы жақсы меңгереді. Оқығанын теориядан тәжірибеге енгізіп жүреді. Ол жігіт жөнінде патша естиді. Теңдесі жоқ маман ретінде қасына жұмысқа алады. Енді жігіт қазынаның ең маңызды бөлігіне жетеді. Үңгірдегі есіктің қалай құрылғанын, бұрандаларды қалай ашу керек екенін біледі. Патша жігіттің біліміне тамсанып, өз сарайының сәулетшісі, одан соң бас уәзір етіп сайлайды. Расында да сол кезде, жігітке жететін білімдар табылмайды. Жігіт кітаптың соңғы бетіне де жетеді. Ең соңғы бетте мынандай жазуды оқиды;-БІЛІМ- ДҮНИЕНІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ҚАЗЫНАСЫ!

(5.5k баллов)