Біз бұл қалаға ауылдан көшіп келдік. Өздеріңіз білесіздер ауыл мен қаланың айырмашылығы жер мен көктей. Мектепте де, аулада да маған балалармен тіл табысып кету өте қиын болды. Мен орыс тілінде дұрыс сөйлей алмаймын. Балалар болса қазақ тілін біле бермейді. Осы қиыншылықтан шығуыма маған көршідегі мен құралпы Айдар атты баланың көмегі көп тиді. Ол маған бірге туған бауырымдай қамқорлық көрсетті. Өзі балалар арасында сыйлы екен. Сондықтан мен де балалармен тез достасып кеттім. Менің Айдарға деген алғысым шексіз.